Себебі, жақын күндері қалада қолайсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Астана әкімдігінің ресми сайты таратқан хабарламаға сәйкес, Төтенше жағдайлар департаменті үш бағыт бойынша сақтық шараларын күшейтуді сұрайды:
1. Жолдардағы қауіпсіздік: Тұрғындарға дауылды ескертулерді мұқият қадағалау және мүмкіндігінше алыс сапарлардан бас тарту ұсынылады. Ауа райының нашарлауы және жолдардың жабылуы туралы ақпаратты СМС-хабарламалар, интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы бақылау қажет.
2. Су айдындарындағы қауіп: Қыс мезгілінде мұз толық қатпаған су айдындарына шығу өте қауіпті.
3. Өрт қауіпсіздігі: Жеке тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертіледі.
"Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар! Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыздар!", – деп хабарлады ТЖД қызметкерлері.