Құтқарушылар Астана тұрғындарын мұз үстіне шықпауға шақырды

321

Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Құтқарушылар Астана тұрғындарын мұз үстіне шықпауға шақырды Фото: Астана қаласының әкімдігі

Жаңа жылдық мерекелер кезінде Астанада ауа-райы -2-ден +1 градусқа дейін жылынады. Бұл мұздың еруіне және қалыңдығының төмендеуіне әкеледі. Құтқарушылар қала тұрғындарына ескерту жасап, су айдындарына барудан бас тартуды сұрайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Айта кетейік, желтоқсан айының соңына қарай ауа температурасының жоғарылауы мұздың еруіне және оның жұқаруына әсер етеді.

Осыған байланысты, мұзда болған кезде күтпеген және төтенше жағдайларды болдырмау үшін Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда акваторияларының мұз бетінде қандай да бір бұқаралық спорттық іс-шараларды, ойындарды, сырғанауларды өткізуден бас тартуды ұсынады.

Мұзда қауіпсіз болудың негізгі шарты – оның қалыңдығының қоса берілген жүктемеге сәйкестігі. Мәселен, бір адам үшін – кемінде 10 сантиметр, ал бұқаралық спорттық, мерекелік іс-шараларды және автокөлік өткелдерін ұйымдастыру үшін кемінде 25 сантиметр қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу