Құтқарушыларға 1 млн тұратын кресло керек

337

Маңғыстау облысындағы төтенше жағдайлар департаментіне құны 1 миллион теңге болатын жайлы кресло керек екен.

Құтқарушыларға 1 млн тұратын кресло керек Фото: ТЖД

Мұндай ақпарат мемлекеттік сатып алу порталында жарияланды. Жергілікті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметінің мамандары бұл креслоның көпфункционалды болуын талап еткен. 

Мәселен, массаж алу барысында музыка тыңдауға мүмкіндік болу тиіс. Ерекше креслоға бастапқыда 1 млн 200 мың теңге бөлінген. Сатып алу процесіне 9 кәсіпкер қатысып, 900 мың теңгеге жеңімпаз анықталған. Бұл дерек мемлекеттік қазынашылық комитетте тіркелген соң, тауар 30 күн ішінде жеткізіледі. 

"Бұл релаксалық кресло. Негізінен өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды әртүрлі төтенше жағдайлар кезінде адамдардың мәйіттерін шығарады, әртүрлі жарақаттар көреді. Сол кезде біздің қызметкерлер психологиялық стресс алады. Соны жеңілдету мақсатында қарастырылған мәселе", - дейді облыстық  ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Қанат Есназаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу