Құтқарушыларға қосымша ақы төленеді - министр

615

Бұл туралы Сенат отырысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.  

Құтқарушыларға қосымша ақы төленеді - министр Фото: egemen.kz

"Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметкерлеріміздің жалақысын көтеру туралы хат жолдадық, дәл сол жерде төтенше жағдайларды жою кезіндегі ерекше жұмыс қиындықтары үшін қосымша жәрдемақы қарастырылған. Сондықтан мұндай жұмыстар Қазақстан аумағында немесе одан тыс жерлерде жүргізілсе, құтқарушыларға қосымша ақы төленеді", - деді Юрий Ильин.

Оның айтуынша, ерекше қиын өрттер үшін қосымша ақы әрбір жұмыс күніне есептеледі.

"Сома лауазымдық жалақыға пайызбен беріледі. Біз қазір лауазымдық жалақының 20 пайызын алуға өтініш бердік. Егер біз лауазымдық жалақыны жоғарылататын болсақ, онда әрбір жұмыс күні үшін орташа есеппен (қосымша ақы) 30 мың теңгенің шегінде болады. Бірақ бұл ерекше қиын өрттер үшін", - деді ТЖМ басшысы.

Бүгін Сенат отырысы Юрий Ильин "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы жобасын таныстырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу