Құтырма ауруына байланысты Солтүстік Қазақстан облысында сақтық шаралары күшейтілді

631

Ресейдің Омбы облысында құтырма ауруының 3 ошағы анықталуына байланысты Солтүстік Қазақстанда сақтық шаралары күшейтілді.  

 Құтырма ауруына байланысты Солтүстік Қазақстан облысында сақтық шаралары күшейтілді Фото: gov.kz

Себебі, облыс қауіпті аймаққа жақын орналасқан, деп жазады inbusiness.kz Ұлттық арнаға сілтеме жасап.

Жұқпаның таралу қаупі бар. Оның басты тасымалдаушысы – жабайы аңдар. Сондықтан мамандар жыртқыштарды арнайы таблетка беру арқылы вакцинациялау науқанын бастап кетті. Жем түрінде жасалған дәрі-дәрмек аңдар жүретін жерлерге тасталады. Оны қорек еткен жыртқыштар ауырмайды. Былтыр өңірде құтырма ошағы тіркелген жоқ. Дегенмен, аурудың алдын алу мақсатында 168 мыңнан астам ірі-қара мен ұсақ малға екпе салынды.

"Біздің облыста құтыру және жануарлардың басқа да аурулары бойынша эпизоотиялық жағдай тұрақты. Биыл 170 мыңнан астам малға екпе салынады. Сондай-ақ, 17 мың ит пен 6200 мысыққа вакцина салынды", - деді ветеринария басқармасының бөлім басшысы Қайырлы Қазанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу