Қазақстандықтарды тұмауға қарсы егу жұмыстары 15 қыркүйекте басталмақ. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ол үшін 2 милионнан астам доза сатып алынғаны айтады.
"СҚ Фармация" бірыңғай дистрибютері тұмауға қарсы екпенің 2 млн астам дозасын сатып алды. Бұл шамамен халықтың 11 пайызын қамтуға жеткілікті. Сонымен қатар аймақтағы денсаулық сақтау басқармалары қосымша 753 900 дозаға тапсырыс берді. Елімізде тұмауға қарсы екпе 15 қыркүйекте, яғни әдеттегі мерзімнен екі апта ертерек басталады. Бұл эпидемиологиялық маусымда туындайтын тұмау секілді ауруларға қарсы мықты иммунитет қалыптастыруға септігін тигізеді. Екпенің күшін 6 айдан 12 айға дейін сақталады. Халыққа маусымдық тұмауға қарсы екпе жасау үшін 5 мыңнан астам арнайы кабинет дайындалды. Қосымша екпе салатын мамандар оқытылуда. 1 мыңнан астам семинар өткізіліп, 7 мыңнан астам дәрігер мен 15 мыңға жуық кіші және орта қызметкер даярлықтан өттті", – деген ресми өкіл Өскемен мен Тараздағы ескі ғимараттарды коронавируспен ауырған науқастарды емдейтін стационарға айналдыру турашы шешім қабылдағанын атады.
"Қазіргі уақытта COVID-19 індетіне ПТР-тест әдісімен 2,5 миллионнан астам зертханалық зерттеу жасалды. Вирустың жаңа толқынына қарсы зертханалардың қуаттылығы тәулігіне 64 мың сынаққа дейін артады. Жыл аяғында 11 облыс орталығында 2,5 мың төсекке арналған 12 модульді инфекциялық аурухананы іске қосу жоспарланған. Сондай-ақ Тараз бен Өскемен қалаларында бос тұрған жедел жәрдем ауруханасының ғимараттарын пайдалану көзделген. Осылайша, қосымша 14 стационар іске қосылады. Күзгі кезеңде барлығы 51 мың COVID-19 төсегі дайын болады. Өңірлерде 3640 мобильді жасақ дайындалды. 5 мың адамға бір бригададан құрылуы керек. Инфекциялық және провизорлық стационарларда 303 мың өкпені жасанды желдету аппараты бар. Қосымша 2612 данасын алу жоспарланған. Оның ішінде 1,5 аппарат отандық", – деді Бағдат Қожахметов.
Есжан Ботақара