Құзырлы ведомстволар көктемгі су тасқынына дайын ба?

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.  

Құзырлы ведомстволар көктемгі су тасқынына дайын ба? Фото: strategy2050.kz

"Су тасқынына қарсы күресу және зардап шеккендерді эвакуациялау үшін жергілікті атқарушы органдар жалпы саны 35 945 адам, 11 461 техника, 12 дана "Қазавиақұтқару" АҚ әуе кемелері, 696 жүзу құралдары, 3 190 су сору құралдары бар авариялық-құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдарының топтамаларын құрды", – деп жазылған министрліктің Сенатта ұсынған мәліметінде.

Ақпаратқа сүйенсек, су жайылуы мүмкін болған жағдайда эвакуацияланатын халықты қабылдайтын 2355 қабылдау пункті және ауыл шаруашылығы жануарларын орналастыру учаскелері дайындалды, маршруттар жаңартылды, көлік анықталды.

"Мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің көктемгі кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайларға әзірлігін тексеру үшін ағымдағы жылдың наурыз айына Қарағанды облысының Қарағанды қаласында басқару штабымен "Көктем-2023" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу