Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров ресми сапармен Қазақстанға келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Кабар ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Айта кету керек, биыл екі ел үкімет басшыларының төрағалығымен қырғыз-қазақ үкіметаралық комиссиясының отырысы өтетіні хабарланған.
Еске сала кетсек, осыған дейін, ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қырғызстанға ресми сапармен барғанын жазған болатынбыз.
Сонымен қатар, ведомство басшылары келіссөздерінің қорытындысы бойынша, екі ел сыртқы істер министрлері 2024-2026 жылдарға арналған әріптестік бағдарламасына қол қойды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу