Қырғызстан блогерлеріне "бақыт сәлемдемелері" жіберілмейтін болды

219

Көршілес елде блогерлік енді дамып келе жатыр. 

Қырғызстан блогерлеріне "бақыт сәлемдемелері" жіберілмейтін болды Фото: UNESCO

Қырғызстанның салық қызметі блогерлерге "қысым жасамаймыз" деп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 24.kg басылымына сілтеме жасап.

"Қырғызстанда блогерлер Креативті индустриялар паркінің резиденттері атанып, арнайы немесе жалпы салық режимін таңдай алады. Екеуі де ыңғайлы. Мысалы, Креативті индустриялар паркінің резиденттері жалпы салық режимін таңдағанда, олар жұмысшылардың табысынан алынатын салық агентінің табыс салығын 5 пайыз төлейді. Сонымен қатар, олар 15 жыл бойы әлеуметтік аударымдарды төлеуден босатылады", – деді Салық қызметінің басшысы Алмамбет Шыкмаматов.

Айтуынша, блогерлерді салықтан толық босату деген де дұрыс емес.

"Блогерлік – жаңа дамып келе жатқан сала. Қырғызстандағы нарық Ресей немесе Қазақстанмен салыстырғанда әлдеқайда кішкентай, сондықтан жергілікті блогерлердің табысы бұл елдердегі блогерлерге қарағанда әлдеқайда төмен. Сондықтан да біз блогерлерге салық арқылы қысым жасамауымыз керек. Олар маңызды әлеуметтік міндет атқарып отыр. Әрине, контенті де әр алуан. Бірақ көп жағдайда блогерлер ақпараттандыру және ағартушылық қызметтерін атқарады", – деді ол.

Айта кету керек, осыған дейін Қазақстандағы 600-ге жуық блогер 53,3 млрд теңге кірісін жасырғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу