Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Ресейде жол апатынан 14 қырғызстандықтың қаза болуына байланысты 23 тамызды аза тұту күні деп жариялады, деп жазады inbusiness.kz Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап.
"Апат салдарынан қаза тапқан және зардап шеккендердің туған-туыстары, жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Оларға көмек міндетті түрде көрсетіледі. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда болады", – деді Қырғыз елінің басшысы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу