"Президент Сыртқы істер министрлігіне, Төтенше жағдай министрлігіне, "Манас" халықаралық әуежайына Ульяновск облысында жол апатынан қаза тапқандардың денелерін Қырғызстанға жеткізу үшін арнайы борт ұйымдастыруды тапсырды. Қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз", – еді баспасөз хатшысы Эрбол Султанбаев.
Айта кетейік, 21 тамызда Ресейдің Ульяновск облысындағы жол апатынан 16 адам қаза тапты. Оның ішінде қырғызстандық 14 азамат бар. Ульяновск маңында жол апатына себепші болған жүк көлігінің жүргізушісі көз жұмды. 3 адам ауыр хәлде ауруханада жатыр.
Ресей СІМ мәліметінше, ауыр жүк көлігінің жүргізушісі уақытында тоқтай алмай, екі жүк көлігінің арасындағы автобусқа соқтығысқан.