Қырғызстанда алтын кен орны мемлекетке қайтарылады

241

Карьердің жалпы ауданы 196 га. 

Қырғызстанда алтын кен орны мемлекетке қайтарылады Фото: tazabek.kg

Қырғызстанда құны 1,8 млрд сомға бағаланатын алтын кен орны мемлекетке қайтарылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Агенттік хабарлағандай, жалпы ауданы 196 гектар карьер Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚКК) атқарған жұмыстарының арқасында мемлекеттік меншікке оралады. Ол Кемин ауданында орналасқан.

"Жеке компания құрамында алтын бар кенді іздеу үшін геологиялық барлау жұмыстарын заңсыз жүргізді. Жер бөлу рәсімі өткізілмеген, рұқсат құжаттары ресімделмеді", — делінген ҰҚКК ақпаратында.

Ведомство кен орнын "Боорду" компаниясы заңсыз игергенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу