Шу облысының үйлестірушісінің жедел деректеріне сәйкес, жергілікті уақыт бойынша сағат 11:15 шамасында жедел жәрдемге хабар түсіп, оқиға орнына екі бригада жіберілген, деп жазады inbusiness.kz Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендердің саны шамамен 16 адамды құрайды. Тізім әлі жасалып жатыр.
"Екі бала ауыр жағдайда жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер барлық қажетті көмекті көрсетуде. Қосымша нақтыланған ақпарат кейінірек беріледі", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу