Қырғызстанда оқу жылының басталуы 15 қыркүйекке шегерілді

141

Бұл туралы бүгін Қырғызстанның ағарту министрі Догдуркүл Кендирбаева мәлім етті.

Қырғызстанда оқу жылының басталуы 15 қыркүйекке шегерілді Фото: eltr.kg

Көршілес елде 2026 жылғы жаңа оқу жылының басталу мерзімі өзгертіліп, енді ол 15 қыркүйекте басталатын болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ал, оқу жылы бұрынғыдай 25 мамырда аяқталады.

24.kg басылымының мәліметінше, оқу жылының басталуын кейінге шегеру Бішкекте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті мен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына байланысты.

ШЫҰ саммиті 2026 жылғы 31 тамыз – 1 қыркүйек аралығына жоспарланған, ал Көшпенділер ойындары 31 тамыз – 6 қыркүйек аралығында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу