Қырғызстанда орыс тілінде оқытатын 44 мектеп салынады

1320

Олар Ресейдің қолдауымен салынады.

Қырғызстанда орыс тілінде оқытатын 44 мектеп салынады

Қырғызстанның барлық ауданында Ресейдің қолдауымен орыс тілінде оқытатын мектеп-интернаттар ашылады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Қырғызстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қырғызстанның барлық ауданында орыс тілінде оқытатын 44 мектеп-интернат ашу туралы келісімге қол қойылды. Оқу орындарының құрылысы Ресей тарабының қолдауымен жүргізіледі, сондай-ақ ресейлік педагогтар жұмысқа тартылады", – дейді баспасөз хатшысы Галина Бәйтерек.

Оның айтуынша, Жапаровтың Мәскеуге сапары кезіндегі келіссөздерде гуманитарлық-білім беру жобалары және Қырғызстанда орыс тілін сақтау мен дамытудың маңыздылығы басты назарда болған. "Российская газета" газетіне берген сұхбатында Жапаров Қырғызстанда орыс тілінің мәртебесін сақтау саясаты жалғасатынын мәлімдеді. Бұған дейін де ол орыс тілінің ресми мәртебесі сақталатынын жариялаған еді.

Президенттің айтуынша, 2020 және 2021 оқу жылында Ресейден Ош қаласына 30 педагог жұмысқа келген. Қазіргі таңда олардың қатарын көбейту мәселесі талқыланып жатыр. 

Табиғат Нұрболат

Фото: kabar.kg

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу