Қырғызстанда туды өзгерту туралы заң күшіне енді

398

Заң Қырғыз Республикасының басты мемлекеттік рәміздерінің бірі – ел туын жетілдіру мақсатында қабылданды. 

Қырғызстанда туды өзгерту туралы заң күшіне енді Фото: zelengarden.ru

22 желтоқсан күні Қырғызстанда ел президенті Садыр Жапаров қол қойған мемлекеттік туды өзгерту туралы заң күшіне енді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Эркин-Тоо басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қабылданған құжат күн сәулесінің пішінін мемлекеттік тудағы толқын тәрізді түзулерге өзгертті.

Еске сала кетейік, осыған дейін қырғыз елінің Парламенті 20 желтоқсан күні өткен отырысында мемлекеттік туды өзгерту туралы заң жобасын қабылдағанын жазған болатынбыз. 

Сонымен қатар, Республиканың мемлекеттік туы бейнеленген ресми құжаттардың барлық түрлері олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды екені атап өтілді. Бұдан бөлек, көлік құралдарының мемлекеттік нөмірлері мен оның суреті бар көлік құралын тіркеу туралы куәліктер тиісті орган оларды ауыстыру туралы шешім қабылдағанға дейін жарамды болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу