Өткен жылғы 2 қарашада Алматы облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 10-нан астам ұрлық жасағаны үшін облыстың 32 жастағы тұрғынын халықаралық іздеуге жариялаған, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Биыл 2 мамырда Бішкек қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Қырғыз Республикасы полиция қызметкерлерімен өзара іс-қимылы кезінде ҚР ҰҚКК-мен бірлесіп күдікті ұсталды.
Экстрадиция мәселесі шешіліп жатыр. Ұсталған адамның басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығын анықтау бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан азаматын ұстағанын жазған болатынбыз.