Қырғызстаннан Қазақстанға 170 млн теңгелік алтын құймаларын өткізбек болған

228

Қырғыз-қазақ шекарасындағы "Кен-Булун" БӨП-да жол талғамайтын көлік ұсталды. 

Қырғызстаннан Қазақстанға 170 млн теңгелік алтын құймаларын өткізбек болған Фото: canva.com

Олар біздің елге 3,3 килограмм алтын құймаларын заңсыз кіргізуге тырысты. Бұл туралы Қырғызстан ҰҚКД баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, бағалы металл 30 миллионнан астам сомға (шамамен 170 млн теңге – ред.) бағаланған.

"Алтын құпия қор сақтағышта жасырылған және оны елден шығаруға қажетті құжаттар жоқ", — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта көрші елдің бюджетіне келтірілген зиянды бағалау және қымбат металдар контрабандасына қатысы бар басқа адамдарды анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу