Қыркүйекте оқушылар бірінші тоқсанды қашықтан оқи ма

1694

Әлеуметтік желіде көбірек қойылып жатқан осы сұраққа Білім және ғылым министрлігі жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы. 

Қыркүйекте оқушылар бірінші тоқсанды қашықтан оқи ма

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтарға қыркүйекте оқушылар бірінші тоқсанды қашықтан оқитыны туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл туралы "Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың өзі айтты" деген қауесет тарады. Бұл ақпарат шындықпен сәйкеспейді", – деп хабарлады министрліктен.

Шынтуайтында Асхат Аймағамбетов баспасөз мәслихатында ол турасында ешқандай мәлімет тараптаған.

"Оқудың қандай форматта болатынын коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері мен аймақтардың бас санитарлық дәрігерлері шешеді", – делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу