Қыркүйектен бастап Өзбекстан мен Тәжікстанға астық бағыты құрылады

840

2019 жылы тиеудің жалпы көлемі 10 млн тонна астық пен 1,8 млн тонна ұнтақ өнімдерін құрайды.

Қыркүйектен бастап Өзбекстан мен Тәжікстанға астық бағыты құрылады

Биылғы астық өнімі қалай тасымалданады. Бұл  мәселе жөнінде, атқарылып жатқаны жұмыстар туралы "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ атқарушы директоры Нұржан Келбұғанов хабардар етті.

Оның айтуынша, контейнерлік пойыздармен өндірістік ұндық-жарма өнімдері мен дәнді-бұршақты дақылдар, астықты тасымалдауда төмендеткіш коэффициенттер белгіленген.

Биылғы жылдың 1 қыркүйегінен Өзбекстан мен Тәжікстанға астық бағыты құрылатын болады. Бұл жүктерді жеткізуді жеделдетеді және вагондар айналымын екі есеге қысқартады. "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ жүктерді тасымалдауға қатысты қызмет көрсету, сұрақтарға жауап беру мен мамандардың кеңесі, ақпараттық анықтама беру бойынша Call-орталық жұмыс істеуде.

Айта кетсек, 2019 жылы тиеудің жалпы көлемі 10 млн тонна астық пен 1,8 млн тонна ұнтақ өнімдерін құрайды.

Биылғы жылдың жартысында 5,4 млн тонна астық тиелсе, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішінен 2% жоғары, сондай-ақ 1,3 млн тонна ұнтақ өнімдері тасымалданған.

Астық экспорты өткен жылғыдан 5% артып, 4,2 млн тоннаны құрады. Орталық Азия елдеріне астықтың 50%-ы тиелуде, еуропалық бағытқа – 25%. Ұн өнімдері негізінен Ауғанстанға (60%) және Орталық Азия (35%) елдеріне жөнелтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу