Ресей Федерациясының Тергеу комитеті алдын ала мәліметтерге сәйкес, Қырым көпіріндегі жарылыс кезінде 3 адам қаза тапқанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, Тергеу комитеті қаза тапқандар жарылған жүк көлігінің жанындағы жеңіл көлікте болған деген болжам жасады.
"Қазіргі уақытта 2 қаза тапқан адамның ( ер адам мен әйел адам) денесі судан шығарылды. Олардың жеке басы анықталып жатыр", — деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.
Қырым көпіріндегі жарылыс 8 қазанда болған. Оқиға автомобиль және теміржол бөліктеріндегі жолға зақым келтірді. Ресей Президенті Владимир Путиннің тапсырмасымен тергеу комиссиясы құрылған.
Ақпаратқа сәйкес, Мемлекеттік Думаның қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының бірінші орынбасары Юрий Афонин бұл оқиғаны Ресей Қарулы Күштерінің логистикасын бұзу әрекеттерімен байланыстырған.