Қытай алтын қорын рекордтық деңгейге дейін арттырды

124

Бұл ел алтын қоры бойынша дүние жүзінде алтыншы орында тұр. 

Қытай алтын қорын рекордтық деңгейге дейін арттырды Фото: Bitcoin.com.news

2024 жылы Қытай алтын қорын 44,17 тоннаға дейін арттырып, рекордтық 2279,57 тоннаға жеткізді. Бұл туралы Қытайдың алтын бойынша қауымдастығы мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты INTERFAX-қа сілтеме жасап.

"Синьхуа" агенттігінің хабарлауынша, Аспан асты елінде 2024 жылы алтын өндірісі 1%-ға артқанымен, сұраныс 10%-ға төмендеген.

Қытай алтын қоры бойынша әлемде 6-орында тұр. Алтын тұтыну өткен жылы 9,6%-ға төмендеп, 985,31 тонна болды. Ал елде ішкі және импорттық шикізаттан өндірілген алтынның жалпы көлемі 2,85%-ға өсіп, 534,106 тоннаға жетті.

Елдегі ірі компаниялар шетелдегі кеніштерінен 71,937 тонна алтын өндірді. Бұл көрсеткіш былтырғыға қарағанда 19,1%-ға ұлғайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу