Қытай билігінің ресми газеті ақпаратты қазақ тілінде де тарата бастады

1025

Сайтта саясат, экономика, мәдениет, ғылым және білім, сондай-ақ Қытайдың әлеуметтік өмірі туралы материалдар жарияланады.

Қытай билігінің ресми газеті ақпаратты қазақ тілінде де тарата бастады

Қытай Коммунистік партиясының "Жэньминь жибао" деп аталатын ресми газеті өз сайтына қазақ тілін қосты, яғни ақпаратты қаза тілінде тарата бастады, деп хабарлайды Inbusiness.kz КазТАГ агенттігіне сілтеме жасап. 

"Бүгін "Жэньминьван" сайты ("Жэньминь жибао" газетінің онлайн-нұсқасы) қазақ, италиян және суахили тілдеріндегі нұсқаларын ресми түрде іске қосты. Осы үш тілдегі нұсқа да саясат, экономика, мәдениет, ғылым және білім, сондай-ақ Қытайдың әлеуметтік өмірі туралы ақпарат таратуға бағытталған", – деп жазылған ресми хабарламада.

"Жэньминьван" сайты ҚХР мен тиісті аудандардың интернет-пайдаланушылары арасында қарым-қатынас орнатып, жаңа платформа құру үшін белсенді түрде жұмыс атқаратыны жарияланды. 

"Италиян, қазақ және суахили тілдеріндегі нұсқалардың іске қосылуы "Жэньминьван" сайтының редакциясына көптілді, мультитерминалды, мультимедиялық, жаһандық және толық форматты алдыңғы қатарлы халықаралық БАҚ құруға көмектеседі. Тағы үш тілді қосу "Жэньминьван" сайтының халықаралық алаңдағы ақпаратты тарату тиімділігін арттыруға бағытталған шара болып табылады", – деп жазылған газеттің мәлімдемесінде.

Silkroad News дерегі бойынша, қазіргі уақытта бұл сайт ағылшын, жапон, француз, испан, орыс, араб, корей, неміс және португал тілдерінде жүргізіледі.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу