Абай облысының Үржар ауданы аумағында Қытай-Қазақстан заманауи индустриалды логистикалық паркін салу мәселесі қарастырыла бастады. Осы мақсатта облысқа Қытайдың Баян қаласынан өкілдер келді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
Ақпаратқа қарағанда, логистикалық паркті Қытай тарабы инвестициялайды.
"Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың келген өкілдермен кездесуінде ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, логистика салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегі және Қазақстан-Қытай логистикалық паркін құру мәселелері талқыланды", – деп хабарлады облыс әкімдігі.
Мұндай тапсырманы күзде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев берген болатын. Оның айтуынша, логистикалық парк сауда көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
"Абай облысы тоғыз жолдың торабында тұр, Ресеймен, Қытаймен шектесіп жатыр. Осы мүмкіндікті ұтымды пайдалану үшін жолдарымыз сапалы әрі қауіпсіз болуы керек. Еліміздің көлік әлеуетін дамыту үшін Бақты арқылы Қытайға баратын теміржол желісін салуды жоспарлап отырмыз. Бұл теміржолды міндетті түрде салуымыз керек, – деп атап өткен Қасым-Жомарт Тоқаев.