Қытай мен АҚШ баж салығын көтеруден жарысып жатыр

220

Жаңа тарифтер 12 сәуірден бастап күшіне енеді. 

Қытай мен АҚШ баж салығын көтеруден жарысып жатыр  Фото: РИА Новости

Қытай АҚШ-тан келетін тауарларға салынатын баж салығын 84%-дан 125%-ға дейін өсіреді. Тиісті шешім 12 сәуірден бастап күшіне енеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС-қа сілтеме жасап.

ҚХР Мемлекеттік кеңесінің тарифтер комитетінің хабарлауынша, АҚШ-тың Қытай өнімдеріне тым жоғары баж салығын енгізуі "халықаралық сауда-экономикалық ережелерін, негізгі экономикалық заңдарды бұзады".

"Қазіргі тарифтер деңгейінде Қытай нарығы АҚШ-тан жеткізілетін тауарларды қабылдай алмайтындықтан, Қытай тарапы АҚШ-тың біздің өнімдерге қатысты баж салығын одан әрі көтеруіне назар аудармайды", - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек Бейжің АҚШ-пен арадағы сауда-экономикалық қатынастарға қатысты барлық басқа мәселені Мемлекеттік кеңестің тарифтер комитетінің қабылдаған шешімдері аясында шешуді жоспарлап отыр.

Айта кету керек, осыған дейін Трамп Қытаймен арадағы сауда соғысын ушықтыратын шешім қабылдағанын жазғанбыз. АҚШ Президенті Қытай тауарларына салынатын баж салығын 145%-ға дейін бір-ақ көтерді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу