Қытай мен ЕО арасындағы сауда байланысы нығаюда

793

Сарапшылардың айтуынша, сауда динамикасының өзгеруіне пандемиямен қатар Британияның ЕО-дан (Brexit) шығуы әсер еткен.

Қытай мен ЕО арасындағы сауда байланысы нығаюда

Қытай алғаш рет Еуроодақтың ең ірі сауда серіктесіне айналды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Еурокомиссияның статистикалық агенттігіне сілтеме жасап. Бұған дейін бірінші позицияда ЕО-ның тарихи одақтасы АҚШ тұрған еді. 

"2020 жылы Қытай ЕО-ның басты сауда серіктесі болды", – деп жазылған агенттіктің мәлімдемесінде. 

Өткен жылы ЕО-ның Қытайдан келген импорты 5,6%-ға артып, 383,5 млрд еуроға жеткен. Қытайға бағытталған экспорт көлемі  2,2%-ға өсіп, 202,5 млрд еуро болды. Ал АҚШ-тың ЕО-ға импорты 13,2%-ға кеміп, 202 млрд еуроға дейін төмендесе, одақтан Құрама Штаттарға бағытталған экспорты 8,2%-ға қысқарып, 353 млрд еуроға дейін азайды. 

Сарапшылардың айтуынша, сауда динамикасының өзгеруіне пандемиямен қатар Британияның ЕО-дан (Brexit) шығуы әсер еткен. Ресми Лондон одақтан 2020 жылдың басында ресми түрде кеткен еді.

Табиғат Нұрболат

Фото: euobserver.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу