Қытай резервтегі бензин мен дизель отынын сатуды жоспарлап отыр

768

Соңғы он жылда Қытай шамамен 220 миллион баррель көлемінде мұнай резервін құрды.

Қытай резервтегі бензин мен дизель отынын сатуды жоспарлап отыр

Қытай жеткізілімді жақсарту және елдің бірқатар аймағындағы баға тұрақтылығын сақтау үшін мемлекеттік резервтерден бензин мен дизель отынын сата бастайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz "Интерфакс" агенттігіне сілтеме жасап.

Көлік отынын сату ішкі нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың жай-күйіне сәйкес жүргізіледі. 

NFSRA-ның хабарламасында бұрынғы немесе болашақ жеткізілімдердің көлемі жарияланбаған. Сондай-ақ сатылым уақыты туралы деректер жоқ. Қыркүйек айының соңында Қытай баға қысымын бәсеңдету үшін мемлекеттік резервтен мұнай партиясын алғаш рет сатқан болатын. 

Energy Aspects Ltd. мәліметіне сәйкес, соңғы он жылда Қытай шамамен 220 миллион баррель көлемінде мұнай резервін құрды. Ел билігі мұнай нарығындағы динамикаға ықпал ету үшін резервтерді пайдалануда.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу