banner

Қытайда долларлық миллиардерлердің саны 1 мыңнан асты

844

Джек Ма Қытайдың ең бай адамы мәртебесінен айрылып, төртінші орынға түсті. 

Қытайда долларлық миллиардерлердің саны 1 мыңнан асты

Қытайда долларлық миллиардерлер 1 мыңнан асып кетті. Осылайша шығыстағы көршіміз дәулеттілердің саны бойынша жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды Atameken Business.

2020 жылда қытайлық миллиардерлердің тізімі 259 адаммен толыққан. Байлардың рейтингін Чжунь Шаньшань бастап тұр.  Бөтелкедегі су өндірісімен айналысатын олигархтың дәулеті 85 млрд долларды құрайды. 74 млрд-пен екінші орында Пони Ма, ал үштікті 69 млрд доллармен Колин Хуан тұйықтап тұр. Ал Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы Джек Ма Қытайдың ең бай адамы мәртебесінен айрылып, төртінші орынға түсті. Оның дәулеті 55,6 млрд долларды құрап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу