Қытайда ресейлік футболшы көз жұмды

734

Қытайда ресейлік футболшы көз жұмды

8 наурыздан 9 наурызға қараған түні 28 жастағы ресейлік футболшы Владимир Герасимов Қытайда қайтыс болды, деп хабарлайды prosports.kz.

Скутермен жүрген бұрынғы футболшы оқыс жағдайда автокөліктің доңғалағының астында қалған. Ал көлік жүргізушісі жол-көлік оқиғасын жасырып қалуға тырысқан. Сол себепті, ауыр жағдайда жатқан футболшы екі сағат бойы медициналық көмекке ие бола алмаған.

Қайғылы оқиғадан кейін, марқұмның мәйітін Мәскеуге әкелу үшін әрекеттер жасалып жатқан көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу