Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясындағы Майда (Мэйчжоу-Дабу) экспресс жолының бір бөлігінің опырылуынан болған апатты оқиғадан қаза тапқандар саны 24-ке жетті.
"20 көлікке зақым келді. 30 адам ауруханаға жатқызылды, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деп хабарлады жергілікті билік.
Еске сала кетсек, Мэйчжоу қаласы үкіметінің хабарлауынша, қирау түнгі сағат 2:10 шамасында Мэйчжоу қаласындағы тас жолдың 184,3 шаршы метр аумақты алып жатқан бөлігінде болған.
Аэрофотосуреттер трассаның бір жағы опырылып, көліктердің төменге қарай құлағанын көрсетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу