Қытайда мамырдың аяғы мен маусымның басында су жаңа атом сүңгуір қайығы Ухань қаласының маңындағы кеме жасау зауытында батып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ҚХР билігі бұл фактіні жасыруға тырысып бағуда. WSJ және Reuters мәліметтері бойынша, Zhou класындағы сүңгуір қайық – осы типтегі алғашқы батқан қайық. Оны China State Shipbuilding Corp компаниясы Wuachang кеме жасау зауытында құрастырған.
Соңғы рет сүңгуір қайық мамыр айының соңында Янцзы өзеніндегі пирсте көрінді, онда ол теңізге шықпас бұрын жабдықталды. Маусым айының басында суасты қайықтарын өзен түбінен көтеру үшін оқиға орнына крандар келгенін Planet Labs спутниктік суреттерінен көруге болады.