Қытайда жасалған вакциналардың бірі жуырда сатылымға шығарылады. Бұл туралы көршілес елдің Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо хабарлады.
"Қытай коронавирусқа қарсы вакцина жасау жөнінде жетекші орында. Бүгінгі таңда қытайлық бес вакцина клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңінен өтуде. Осы вакциналардың бірі бірнеше күннен кейін сатылымға шығарылады", –деді дипломат.
Оның айтуынша, бұл вакцинаның тиімділік көрсеткіші 90%-дан асады.
"Препаратты тасымалдау және сақтау басқаларына қарағанда тиімдірек. Жақында ғана Қазақстанда жұмыс бабымен болған Сыртқы істер министрі Ван И Қытай вакцинасы көрші елдерге жеткізіледі деп мәлімдеген еді.Бұл халықаралық қауымдастыққа берген уәдеміз", – дейді Чжан Сяо.
Табиғат Нұрболат