Қытайда 36 адамның өмірін жалмаған ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Интерфакс.
Қытайдың Шэньси провинциясында ірі жол апатынан 36 адам қаза тауып, 13-і дене жарақатын алған.
Жергілікті БАҚ беттеріндегі ақпарат бойынша, "Пекин-Куньмин" трассасындағы туннель қабырғасына жылдамдықпен келе жатып соғылған. Алдын ала болжам бойынша жол апатына жолаушылар автобусы ұшыраған. Ол жерасты жолына кіреберісте қабырғаға соқтығысқан. Көлікте 49 жолаушы болған.
Оқиғаға байланысты тергеу амалдары басталды. Оны елдің қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі министрінің орынбасары бақылауына алған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу