Еске сала кетсек, бұған дейін Қытай тарапының карантинге байланысты шекарадан өту ережелері мен жүктерді өңдеу талаптарының күшейткеніне байланысты Қазақстанның "Нұр жолы" кеден өткізу пунктінде көлік кептелісі болған еді.
Сондықтан еліміздің аумағындағы шекарада терминалдық-логистикалық орталық (ТЛО) ашу туралы шешім қабылданды. Бүгінгі күні тауарларды тікелей біздің шекарадағы ТЛО-ға әкелуге болады. Заттар кедендік өңдеуден өтіп, тұтыну аймақтарына тасымалдану үшін Қазақстандық көлікке қайта тиеледі. Осылайша қазақстандық көліктердің бір бөлігінің Қытай жағына өту қажеттілігі жойылды және сәйкесінше "Нұр жолы" кеден өткізу пунктінде жүктеме азайды.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық, субъективті көзқарас мәселелерін шешетін және адами факторды жоққа шығарады. Әрі мұнда электрондық кезек енгізілді. GoCargo.kz сайты арқылы алдын ала кезекке тапсырыс беруге болады. Тасымалдаушылар өткізу пунктіне SMS хабарламалары арқылы келеді.
Болашақта электрондық кезек жүйесінің жұмысын Қазақстанның басқа да өткізу пункттерінде енгізу жоспарланған.
Құралай Құдайберген