"Әртүрлі жүк тиелген 43 қырықфуттық контейнерден тұратын пойыз Қазақстанға Алтынкөл стансасы арқылы келді. Әрі қарай, Бекет-Ата фидер кемесімен жүк Ақтау портынан Әзербайжанның Алят портына жеткізіліп, ол жерден Грузияның Ахалкалаки стансасы арқылы Түркияның Измит қаласына жетті",– деп хабарлады "ҚТЖ" баспасөз қызметі.
Пойыз 14 күнде жеткен. Ал Алтынкөл стансасынан шыққан пойыз Ахалкалаки стансасына 10 күнде жетіп, рекордтық нәтиже көрсеткен.
"Айта кетерлік жайт, эпидемиологиялық жағдайға байланысты туындаған кейбір шектеулерге қарамастан, Транскаспий халықаралық көлік маршруты (ТХКМ) бойымен жүк тасымалдау барлық санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарға сәйкес кедергісіз жүзеге асырылады", – деп жазылған хабарламада.