СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов пен Shaanxi Cool Chemical компаниясының президентi Чжан Гаогинг әрiптестiк мәселелерiн талқылады, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Өңiр басшысы қытайлық серiктестермен облыста ауыл шаруашылығы саласында бiрнеше жобаның жүзеге асқанын, сондай-ақ басқа да салаларда бiрiгiп жұмыс iстеуге мүмкiндiк барлығын атап өтті.
"Бүгiнде құрылыс саласында инвесторларды тарту маңызды. 2018 жылы құрылыс көлемi 80 млрд теңгеге жеттi. Биыл одан да көп жұмыс атқарамыз. 1780 пәтер салуды және нысандарды тұрғызуды көздеп отырмыз. Сiздердi шақырамыз. Коммерциялық құрылысқа арналған бiрнеше жоба бар. Сiздiң компания өз үлесiн қосады деген сенiмдемiн", – дедi Құмар Ақсақалов.
Shaanxi Cool Chemical – Қытайда және басқа мемлекеттерде бай тәжiрибеге ие компания. Қазiр Орталық Азия және ТМД елдерiнде жобалар жүзеге асуда. Инвестор ендi Қазақстанда жұмыс жасауға бет бұрып отыр.
"Бiз көпсалалы аурухана мен үйлердi салуға өз қызығушылығымызды бiлдiремiз. Бұл бағытта бiзде мол тәжiрибе бар. Орталық Азия елдерiнде негiзiнен зауыттар мен автожолдар саламыз. Бiз солтүстiк өңiрге 100 млн долларға дейiн инвестиция құюға әзiрмiз. Жоба дайын болғасын жүзеге асыруға кiрiсемiз. Сондай-ақ химия өнеркәсiбi, ауыл шаруашылығы және автожол құрылысы салаларында жобаларды iске асыруға дайынбыз", – дедi Чжан Гаогинг.
Жуық арада қытайлық компанияның мамандарынан құралған үлкен делегация жобаларды талқылау үшiн облысқа жұмыс сапарымен келмек.