Қыз-келіншектер мерекеде алған гүлдерін жаппай сатып жатыр

1645

Қыз-келіншектер 8 наурыз мерекесіне орай сыйға алған гүлдерін жаппай сатып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қыз-келіншектер мерекеде алған гүлдерін жаппай сатып жатыр Фото: Бейнежазбадан

Жеке жарнамаларға арналған olx.kz сайтында жаңа және қолданылған гүлдердің сатылатыны туралы хабарландыру көп.

Мәселен, сайттың орыс тіліндегі нұсқасында 1 мыңнан астам, ал қазақтілді нұсқасында 500-ден астам гүл сатылатыны туралы жарнама орналастырылған.

Сатылымға шығарылған гүлдердің басым бөлігіне "қолданылған" деген белгі қойылыпты. Қолданылған гүлдердің барлығы дерлік бүгін таңертеңнен бастап сатылымға шығарылған. Олардың арасында базардан алынған гүлдермен қатар элиталы сауда орындарынан алынған букеттер де бар.

 

Мәселен, 25 тал раушан гүлі 8 теңгеге бағаланған. Ал дәл осындай букеттің бағасы кеше 20-25 мың теңге болған еді. Жалпы жарнама сайтындағы қолданылған гүлдердің бағасы – 3 мың теңге мен 35 мың теңгенің аралығында.

Осыған орай жарнама иелерінің бір-екеуіне хабарласып та көрген едік.

"Кеше сүйіктім мерекеге орай қымбат гүл шоғын сыйға тартқан еді. Ойлана келе арзандау бағаға сатайын деп шештім. Мүмкін, кеше сүйіктісіне гүл алып үлгермеген не бүгін жақындарының біріне гүл іздеген біреу сатып алып қалар. Букет өте әдемі, сол қалпында", – деді Сымбат есімді бойжеткен.

Тағы бір жарнама иесі 8 наурызға орай бірнеше гүл шоғын алғанын, әлі сол күйінде тұрған гүлдерді қоқысқа тастауға қимайтынын айтады.

"Мереке күніне қарағанда бағасын 2 есеге арзан беремін. Гүлдер өте әдемі. Кез келген адамның көңілінен шығады", – дейді кейіпкеріміз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу