"Қыз мезгіліне қаланы дайындамаған": Ташкентте бірқатар шенеунік жұмыстан босатылды

442

Атап айтқанда, Ташкент қаласының әкімі Джахонгир Артыкходжаев жұмыс орнын босатты. Билік тізгіні оның бұрынғы орынбасарына ауысты.    

"Қыз мезгіліне қаланы дайындамаған": Ташкентте бірқатар шенеунік жұмыстан босатылды Фото: yuz.uz

Ташкент хокимі (әкімі) Джахонгир Артыкходжаев қысқы маусымға қаланы дайындай алмағандықтан қызметінен босатылды. Бұл туралы 16 қаңтарда қыс мезгілінде халықты энергоресурстармен үздіксіз қамтамасыз ету шаралары жөніндегі кеңесте жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz Fergana.uz. сайтына сілтеме жасай отырып.

Кеңесте Өзбекстанда қалыптасқан ауыр жағдай салалар мен өңірлер басшыларының қызметінің айқын қорытындысы болғандығы атап өтілді. Мысалы, Ташкенттің барлық деңгейдегі басшылары қатты сынға ұшырады.

Атап айтқанда, Президент мына нәрселерге наразылығын білдірді:

  • астананың бас жоспары әлі бекітілген жоқ;
  • өз бетінше салынған нысандар саны 250-ден асты;
  • құрылысқа рұқсат беру кезінде қолданыстағы инфрақұрылымға жүктемені дәл есептеу жүргізілмейді;
  • нарықтарда азық-түлік бағаның өсуін болдырмау бойынша шаралар қабылданған жоқ.

Мұның бәрі Артықходжаевтың отставкаға кетуіне және үш ауданның хокимдерінің (әкімшілік басшыларының): Юнусабад (Бахадыр Абдувалиев), Мирзо-Ұлықбек (Шавкатбек Иргашев), Учтепинский (Фарход Абдуллаев) қызметінен босатылуына себеп болды. Үшеуі де хоким міндетін атқарушы болып қызметінде төмендетілді.

"Жылу электр станциялары" акционерлік қоғамының төрағасы Фарход Абдурахмонов та өз қызметінен айырылды.

Бас прокуратура мен мемлекеттік қауіпсіздік қызметіне (МБҚ) жоғарыда аталған басшылардың қызметін тексеру тапсырылды.

Ташкент әкімінің міндетін атқарушы болып Артыкходжаевтың бірінші орынбасары болып жұмыс істеген Бахтиер Рахмонов тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу