Қыздардың мәйітін ауыстырып жібергендер жауапқа тартылды

1422

БҚО әділет департаментінің басшысы Аманжол Әбдірахмановтың айтуынша, қыздың біреуі 13 жасар Айнас Марат облыстық ауруханада қайтыс болған.

Қыздардың мәйітін ауыстырып жібергендер жауапқа тартылды

Оралда қыздардың мәйітін ауыстырып жібергендер жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО әділет департаментінің басшысы Аманжол Әбдірахмановтың айтуынша, қыздың біреуі 13 жасар Айнас Марат облыстық ауруханада қайтыс болған.

Оның туысқандары БҚО бойынша сот сараптамалары институтының мәйітханасына қыздың сүйегін алуға келгенде, қателік жіберілген. Сол кезде мәйітханада Оралда көлік қағып кетіп, қаза тапқан 10 жасар Айару Ермектің мүрдесі болған. Санитар шатастырып, соның сүйегін беріп жіберген.

"Осы оқиға бойынша қызметтік тексеру жүргізілді. Соның қорытындысына сәйкес БҚО бойынша сот сараптамалары институтының директоры Олжас Дүйсенбаевқа қатаң сөгіс берілді. Ал сүйекті шатастырып беріп жіберген санитар Мәди Сариев қызметінен босатылды. Екі қыздың тума-туысқандарына көңіл айта отырып, кешірім сұраймын", – деді А.Әбдірахманов.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда мәйітханада 10 жасар қыздың сүйегін шатастырып, басқа біреулерге беріп жібергенін жазған болатынбыз. Ал, Айару Ермек бүгін жер қойнына берілді.

Оралда қызды көлік қаққан тұста жарықтандыру шаралары қолға алынды.

Осы оқиғаға байланысты БҚО әкімі Ғали Есқалиев Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековке сөгіс жарияланғанын жеткізді. Сонымен қатар БҚО полиция департаменті, басқа да мекемелерге жол қауіпсіздігі шараларын күшейту тапсырылды. Оған қоса облыс әкімінің орынбасары Аманжол Алпысбаев жетекшілік ететін сарапшы топ құрылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу