Жол апатынан мерт болған қызының денесін мәйітханадан таппай қалды

1039

Оралда жол апатынан қаза тапқан 10 жасар қыздың сүйегін мәйітханада шатастырып, басқа біреулерге беріп жіберген.

Жол апатынан мерт болған қызының денесін мәйітханадан таппай қалды

Айару Ермектің әкесі Асылхан Қазиевтің айтуынша, мәйітханаға қызының сүйегін алуға 21 қараша күні сағат 17.00 шамасында барған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Мәйітхана қызметкерлері қыздың сүйегін Бөкей ордасы ауданынан келіп, алып кетті деді. Қайта таныстардан Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округіндегі Шоңай елдімекенінен келген тағы бір бүлдіршін қыздың қайтыс болғанын, сүйегін ауылға алып кетеді деп естігенбіз. Дереу телефондарын тауып, соларға хабарластық. Сөйтсек, олар жарты жолға, Жаңақала ауданы Мәстексай ауылы тұсына жетіп қалыпты. Мәйітті ашып қарамаған ғой. Ашса, басқа қыз екенін көрген. Енді олар кері қайтты. Қызымызды жұма күні жерлегелі отыр едік. Өзіміз қайғы жұтып отырғанда, мына жағдай тіпті есеңгіретіп тастады", – деді Асылхан Қазиев.

Қаза тапқан Айару Ермек – Бөкей ордасы ауданынан шыққан елге танымал, өнерлі әулеттен. Атасы Ермек, әкесі Асылхан Қазиевтер – белгілі домбырашылар, анасы Әсел Дәулетова – "Ақжайық" би ансамблінің жетекшісі. Айарудың өзі де бимен, гимнастика, каратэмен айналысқан, талабы зор бүлдіршін еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу