"Қыздыруға 5 минут жеткілікті": Экология министрі өз көлігімен тәжірибе жасап көрсетті

274

Министр уәдесінде тұрып, өз көлігін қыздыру сәтінен видео жариялады. 

"Қыздыруға 5 минут жеткілікті": Экология министрі өз көлігімен тәжірибе жасап көрсетті Фото: видео скриншот

Көлікті қыздыруға бес минут жеткілікті екенін айтқан экология министрі Ерлан Нысанбаев өз көлігімен эксперимент жасап көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Экология министрі бұған дейін солтүстік аймақтарда көлікті жылытуға бес минут жеткілікті екенін, дәлелдеу үшін өз көлігімен эксперимент өткізіп тексеріп көретінін айтқан еді.

Видеодан Нысанбаев көлігін оталдырып, секундомер қосып қойған. Министр даладағы ауа температурасы –17 градус екенін атап өтіп, қозғалтқыш температурасының ең төменгі көрсеткіште екенін көрсетеді.

Бес минут өткен соң, министр көлігінің жеткілікті деңгейде қызғанын айтып, қозғала бастайды. Алайда көлік қозғалтқышының температурсы қаншалықты көтерілгенін көрсетпейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу