"Қызғаныштан сыныптасын соққыға жыққандар": Жаңаөзенде лицей оқушылары мен ата-аналары тергеуге алынды

131

Маңғыстау облысында қатарласын соққыға жыққан "Білім-инновация" лицейінің оқушылары анықталды.  

"Қызғаныштан сыныптасын соққыға жыққандар": Жаңаөзенде лицей оқушылары мен ата-аналары тергеуге алынды Фото: polisia.kz

Олар ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полицияның мәліметінше, соққыға жығу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Оқушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінің жауапкершілігі қаралатыны айтылды.

"Сонымен қатар, әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясына материалдар дайындалып жатыр. Кінәлілердің бәрі профилактикалық есепке алынады", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін Жаңаөзенде оқушылар шетелдік ЖОО-ға грантқа түскен қатарласын соққыға жыққанын жазған болатынбыз

Оқиға 16 сәуірде кешқұрым зардап шеккен оқушының үйінің маңында болған. Жергілікті басылым дерегіне сүйенсек, шабуылды лицей президенті бастаған бір топ жасөспірім жасаған. Ұлына араша түсем деп, жанұшыра көмекке келген жасөспірімнің әкесі де жарақат алып, аяғы сынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу