Қызмет бабында қайтыс болған фельдшердің соты тікелей эфирде көрсетіледі

Бүгін Ұлдана Мырзуанның қазасы туралы іс бойынша сот процесі басталды.  

Қызмет бабында қайтыс болған фельдшердің соты тікелей эфирде көрсетіледі Фото: gov.kz

Осы орайда, ҚР Жоғарғы Соты республика соттарының сот отырыстарын тікелей эфирде өткізу практикасын жалғастыратынын ресми парақшасында жария етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Сот талқылауына қоғамдық қызығушылықтың артуын, сот процесіне қатысушылардың пікірін, сондай-ақ жәбірленуші тараптың өтінішхатын ескере отырып, сот осы іс бойынша ашық сот отырыстарын онлайн-трансляциялауды ұйымдастыруға қаулы етті.

Сот процесінің онлайн-трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-арнасынан көруге болады, – делінген ресми хабарламада.

Жаза кетейік, фельдшер Ұлдана Мырзуан 2025 жылдың 18 қарашасында бақилық болған еді. Артынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмды "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу