Қызметкері парамен ұсталған басшының мәселесі заңмен реттеледі

1790

"Егер бағынышты қызметкер сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаса, онда басшы бұл үшін жауапты болады".

Қызметкері парамен ұсталған басшының мәселесі заңмен реттеледі

Бұл туралы Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлімдеді.

"Тиісті заң жобасы қазірдің өзінде Парламент Сенатында жатыр. Менің ойымша, жақын арада бұл заң нысанын алады. Жыл басынан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен 1 885 қылмыстық құқық бұзушылық, оның 74%-ы (1 395) сыбайлас жемқорлық болып табылады", - деді Олжас Бектенов.

Сыбайлас жемқорлықты жасағаны үшін 882 адам, оның ішінде 22 республикалық, 71 облыстық, 82 қалалық және аудандық деңгейдегі басшылар қылмыстық жазаға тартылды.

Олардың басым бөлігі барлық деңгейдегі әкімдіктер мен олардың ведомстволық бағынышты ұйымдарының қызметкерлеріне – 270, полиция қызметкерлеріне – 142 және мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне – 52 тиесілі. Олардың ішінде 22 әкім және олардың әр түрлі деңгейдегі орынбасарлары бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу