Қызылорда Наурыз қаланың орталық алаңында тойланып жатыр

2159

Алаңда театрландырылған қойылымдар мен ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, қолөнер шеберлерінің шеберлік сыныптары ұйымдастырылып, шатырларда Наурыз мейрамына орай мерекелік дастархан жайылды.

Қызылорда Наурыз қаланың орталық алаңында тойланып жатыр

Қызылорданың орталық алаңында Наурыз мерекесіне орай дәстүр бойынша 30 киіз үй құрылды.
Алаңда театрландырылған қойылымдар мен ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, қолөнер шеберлерінің шеберлік сыныптары ұйымдастырылып, шатырларда Наурыз мейрамына орай мерекелік дастархан жайылды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев барлық жиналған қауымды ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, сырбойылықтарға табыс пен бақ-береке тіледі.

Облыс әкімі аймақтың қарқынды дамып келе жатқанын және республикада бірқатар маңызды көрсеткіштер бойынша, соның ішінде инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібін дамыту және кәсіпкерлікті қолдауда көшбасшы болып келе жатқанын атап өтті. Бүгінде облыс орталығы үлкен құрылыс алаңына айналды. Жақында Сырдария өзенінің сол жағалауындағы бірінші шағын ауданның тұрғындары жаңа пәтердің кілтін алады. Биыл 34 көпқабатты үйден құралған 3 шағын аудан салу жоспарлануда. Сонымен қатар, облыс орталығында 150 көп балалы отбасы үшін арнайы жоспар бойынша жеке үйлердің құрылысы басталады.

Бұл күндері Әз-Наурыз мерекесі барлық аудандарда тойлануда, мереке қарсаңында сенбіліктер, жәрмеңкелер, мерекелік концерттер мен көрмелер ұйымдастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу