Қызылорда облысы күріш көлемін азайтуға мүдделі

Шаруалар суды аз қажет ететін өнімдерге басымдық беруді жалғастыра бермек.  

Қызылорда облысы күріш көлемін азайтуға мүдделі Фото: Бағдат Есжанов

Сондай-ақ, өнімді форвардтық жүйемен егіп, егістікті лазермен тегістеуге көшкендері бар. 
Бұған дейін inbusiness.kz тілшісі.

Жалпы, су үнемдеу технологиясымен егілетін малазықтық және жүгері, көкөніс, бақша дақылдарын, т.б. егу мәселесі көптен бері айтылып жүр. 

Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдері 21 мемлекетке экспортталатынын айтады. Оның ішінде күріш өнімі Ресей, Белорусь, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина, Түркіменстан, Грузия, Моңғолия және Ирак нарығына шығарылып жатыр. 

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев "Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы" негізінде жұмыс істеу басталып кеткенін хабарлады. 

"Су тапшылығына байланысты биыл күріш көлемі өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға немесе 5 мың гектарға қысқарады. Бұл бағытта ауыл шаруашылығы құрылымдарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Егістікті әртараптандыруға басымдық беріліп, атыздар лазерлік тегістелуде. Бүгінде күріш алқаптарының 55 пайызы тегістелген, осы жылы бұл көрсеткішті 68 пайызға жеткіземіз", - деді өңір басшысы.

Тәжірибе көрсеткендей, лазерлік тегістелген жерде суды 15 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, күріштің қысқа мерзімде пісіп-жетілетін, өнімділігі жоғары жаңа сорттары өндіріске енгізілуде. Қазір Украина ғалымдарымен бірлесіп, "Виконт", "Премиум", "Маршал" сорттары жергілікті күн райына бейімделіп, аудандастырылуда. Өткен жылы Ресейдің "Яхонт",

"Патриот" жаңа сорттары тәжірибе ретінде 71 гектар жерге егіліп, жақсы нәтиже көрсетті. Бұл сорттардың өнімділігі қолданыстағы сорттарға қарағанда 10 центнерге жоғары, вегетациялық кезеңі 10-15 күнге қысқа, суды 20 пайызға дейін аз қажет етеді", - деді аймақ басшысы.

Қызылордалық шаруалар әртараптандыру бағытына басымдық беруді жалғастыра бермек. Сонымен қатар, олар тамшылатып суару әдісінің де артықшылығын көріп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу