Қызылорда облысында автобус пен жеңіл көлік соғысып, екі адам көз жұмды

504

Тағы 3 жолаушы дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.  

Қызылорда облысында автобус пен жеңіл көлік соғысып, екі адам көз жұмды Фото: Қызылорда облысы ПД

Қызылордада автобус пен жеңіл көлік соғысып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оқиға бүгін, 14 шілде, сағат 7:00 шамасында Қызылорда қаласына қарасты Баймұрат ауылы аумағында болған.

"Шымкент-Самара" тасжолы бойында автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

Автобустың бір жолаушысы медициналық мекемеде көз жұмды. Автобус жүргізушісі және 3 жолаушысы дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

"Оның біреуіне алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу