qazaqstan.tv-ның хабарлауынша, қозғалыс айтарлықтай қиындады. Күрежолда көлік соқтығысып, 1 адам көз жұмып, 10 адам дене жарақатын алды, деп жазады
Қайғылы жағдай "Самара-Шымкент" трассасының Сұлутөбе ауылының маңында болған. Қырғызстан еліне бет алған Тойота автокөлігі жолдан ауып, жүргізуші тілге келместен ажал құшқан. Жанында болған 6 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, мән-жайы анықталуда.
Полиция ауа-райының қолайсыздығынан әзірге ұзақ жолға шықпауды ескертеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу