Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, құтқарушылар жылқыны шұңқырдан аман алып шығарды.
"23 наурыз күні Қызылорда қаласының "ПМК-29" саяжайындағы "Керуен" демалыс орны маңындағы арыққа жылқы құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, құтқару арқанын пайдаланып, жылқыны арықтан алып шықты. Жылқы иесі құтқарушыларға алғысын білдірді. Бізге әрбір өмір маңызды!", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу