Қызылорда облысында мұнай өндіру көлемі қысқарды

1001

Мұндай шаралар жұмыс істеп тұрған кен орындарының сарқылуына байланысты қабылданбақ. 

Қызылорда облысында мұнай өндіру көлемі қысқарды

Қызылорда облысында жұмыс істеп тұрған кен орындарының сарқылуына байланысты мұнай өндіру көлемі қысқарды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Гүлшара Әбдіқалықова осындай ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Облыс экономикасы 0,1%-ға өсті. Аймақ экономикасына, оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция көлемі 2,6 есе артты. 2007 жылы өңірде ең жоғары өндіру көлемі 11,7 млн тоннаны құрады. Биыл болжам бойынша 4,2 млн тонна мұнай өндіріледі. Жаңа кен орындарын іздеу мақсатында биыл Арал теңізі акваториясының "Батыс" және "Шығыс" учаскелерін, сондай-ақ Сырдария шөгінді бассейні аумағының бір бөлігін сейсмикалық барлау бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу аяқталады. 2022 жылы сейсмикалық барлау жұмыстары басталатын болады", – дейді облыс әкімі.

Сонымен қатар облыс әкімі өнеркәсіп саласында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығы аясында биыл құны 45 млрд теңгені құрайтын, 500-ге жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 4 жобаны іске қосу жоспарланған. Олардың қатарында Қызылорда қаласындағы шыны зауыты да бар.

"Жаңақорған ауданы "Шалқия" кен орнында тау-кен байыту комбинатының және Арал ауданында кальцийленген сода зауытының құрылысы басталмақ. Шиелі ауданында "Баласауысқандық" ванадий кен орнында осы жылдың желтоқсан айынан бастап ферромолибден өнімі өндіріледі", – деді облыс әкімі. 

Еске сала кетсек, былтыр Қызылорда облысында мұнай өндіру көлемі 1 млн тоннаға қысқарған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу